Date of publication: 15.09.2015 17:30
Date of changing: 15.09.2015 18:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

15.09.2015ж.

Ағымдағы жылғы 10-11 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен конференцияда қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Сіздердің назарларыңызға конференция спикерлірінің блиц-сұхбатын ұсынамыз.

Мәселен, Грузия кірістер қызметі Халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары Мака Хведелидзе сыбайлас жемқорлықтың рөлі мен табиғаты сол немесе өзге елдің дәстүрлері мен табиғатына еш байланысы жоқ екендігін атап өтті.

«Бәрімізге белгілі, соңғы уақытта біз байсалды реформаны жүзеге асырдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес грузия кеденінің тарихындағы күрделі басымдықтарының бірі болып табылады. Біз көп кедергілерден өттік, алайда біз басты сыбайлас жемқорлық – мәдени мұра және грузин менталитеті деген аңызды жойдық. Грузия барлығына кері жағдайды дәлелдеді және осы тәжірибемен Қазақстанмен бөлісуге дайын» - деді Хведелидзе ханым.

Чикагодағы АҚШ-тың Кеден-шекара Бас консультативті кеңсесінің аға заңгері Эдвард Гринволд сыбайлас жемқорлық бір де бір кеден әкімшілін айналып өткен жоқ және онымен күрес тұрақты негізде жүзеге асырылуда екенін айтты.

 «Біз ерекше көңілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңнамалық нормаларған бөлеміз. Кездесу барысында мен өз елімнің тәжірибесін беруге тырыстым. Қазақстан – қарқынды дамып жатқан ел және оның сыртқы экономикалық қызметін кеңейтуге мүмкіндіктері жеткілікті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша сіздер жасап жатқан қадамдар, көздеген мақсатқа қол жеткізіледі деп айтуға болады», - деді Гринволд мырза.

Конференцияны қорытындылай келе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҰЗИ Құзыретті зерттеу секторының меңгерушісі Лейла Асылбекова шетелдік сарапшылардың Кеден қызметіндегі оң өзгерістерді жоғары бағалағанын айтты. Оның сөзі бойынша сарапшылар, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерін жетілдіру үшін қолданған қадамдарын бағалаған.

«Конференцияға 2009 жылы Кеден қызметінің жұмыстарын жетілдіру мәселелері бойынша семинарға қатысқан сарапшылар қатысты. Бүгін олар бірнеше қызмет біріктірілген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін жаңа Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысын бағалады. Менің ойымша, біз дұрыс жолдамыз»,- деп атап өтті Лейла Өмірзаққызы.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі