Date of publication: 11.09.2015 20:01
Date of changing: 14.09.2015 11:23

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

11.09.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 8 - 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің басшылығымен Комитеттің делегациясы Корея Республикасының Сеул қаласына барды, онда Корея кеден қызметінің комиссары Ким Нак-Хуэ мырзамен және Ұлттық салық қызметінің комиссары Лим Хван Су мырзамен кездесу өтті.

 Аталған кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасында кеден ісі және салық салу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму үрдісін жоғары бағалады.

Қазақстан тарапы еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған үдемелі бағдарламаларын, атап айтқанда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамы туралы елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар ақпараттандырды.

Корея тарапы Еуразия кеңістігінде құрылған жаңа экономикалық интеграциялық бірлестікпен ынтымақтасуға қызығушылықтары туралы, Оңтүстік Корея Президентінің Еуропа мен Азияның экономикалық кеңістігінің интеграциясына бір бейбітшілік және өркендеген континентке әкелетін Еуразиялық бастамашылығы, сондай-ақ транзиттік әлеуеттің даму перспективалары туралы ақпараттандырды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Кореяның кеден қызметі тәуекелдерді басқару жүйесі саласында ынтымақтастықты жандандыру, УЭО өзара тану және 2012 жылғы мамырда қол қойылған кеден органдарының лауазымды тұлғаларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мәселелері негіз болған кездесу хаттамасына қол қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша Кореяның Ұлттық салық қызметімен халықаралық салық салу саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан тарапы енгізіліп жатқан жаңалықтар және жоспардағы сатудан ҚҚС орнына салықты енгізу туралы ақпараттандырды.

Қазақстан тарапы Кореяның ұлттық салық салу делегациясын 2015 жылғы 1-2 қазанда Шымкент қаласында өтетін ТМД Салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінінің жұмысына қатысуға шақырды.

Кездесу өзара түсінушілік және жалпы ынтымақтастықты нығайтуға талпыну ахуалында өтті.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі