
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
06.08.2015ж.
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде «Тарифтік реттеу шараларын сақтауға бақылау» тақырыбына арналған брифинг өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы мен «Ұлттың жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» шеңберінде бірқатар тапсырмалар берді.
Президенттің Жолдауындағы сияқты, сондай-ақ «Ұлттың жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамында» Қазақстанның экономикасын дамытуға және әсіресе транзиттік әлеуетті дамытуға айтарлықтай назар аударылған.
Транзиттік әлеуетті дамыту шеңберінде инфрақұрылымның өзін дамытудан бөлек кедендік ресімдеу уақытын азайту мақсатында кедендік рәсімдерді жеңілдету қажет.
Брифинг барысында кедендік-тарифтік реттеудің заңнамалық негіздемесі болып 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім және «Кеден одағының Кеден кодесі» табылатыны атап айтылды.
Осы нормативтік-құқықтық актілер кедендік-тарифтік реттеу жүйелерін құру, шекара арқылы тауарларды өткізудің тәртібін және кедендік төлемдерді өндіру қағидаттарын айқындайды.
Спикер Комитеттің Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Николай Николаевич Марусич өзінің баяндамасында: «Біздің Республика географиялық тұрғыда бірегей орналасқан. Ол Еуразиялық континенттің орталығында және көптеген өндірістік қуатты және тауарларды өткізу нарықтары бар басты экономикалық континенттен (Қытай, ЕО. Ресей) тікелей жақын тұр. Біз тіпті бұл артықшылықты пайдалануға және осы елдер арасында тауарлардың транзиттік ағымын Қазақстан Республикасы арасында арттыруға міндеттіміз» - деп атап айтты.
Сыртқы экономикалық қызметтің тарифтік реттеу шараларын сақтауға бақылау, олардың мазмұны мен маңыздылығы бойынша «100 қадам» Ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындай отырып, бірінші кезекте, әсіресе сыртқы экономикалық қызметке байланысты елдің экономикасында болып жатқан тенденцияларды нақты түсіну қажет.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі