
2015 жылғы 29-31 шілде кезеңінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасымен бірлесіп «Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің энергия ресурстарын кедендік декларациялау және бақылау» тақырыбына семинар өткізуде
Соңғы жылдары халықаралық сауда қазақстан бизнесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Энергия ресурстары мемлекеттің валюталық қаржының маңызды көзі бола тұра, тауарлар экспортының жалпы көлемін үстемелейді.
Республикадағы экономикалық реформалардың тереңдеуіне байланысты, мұнаймен, газбен, оларды өңдеу өнімдерімен және электр энергиямен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың саны айтарлықтай артты.
Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасы экономикасының және сыртқы сауданың дамуына көмектеседі, тауарларға, оның ішінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін энергия ресурстарына қатысты кедендік операцияларды оңайлата отырып, кедендік шекара арқылы тауар айналымын тездетуге ықпал етеді.
Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде энергия ресурстары өткізілуінің кедендік әкімшілендіруін жүзеге асыру бойынша тәжірибемен, аталған тақырып бойынша заңнамаға өзгерістермен және жаңалықтармен, өзекті проблемалармен алмасу және білім деңгейін арттыру мақсатында жоғарыда аталған семинарға қатысу үшін Әзербайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және ұлттық компанияларының және энергия ресурстарының тасымалдауы бойынша қызметті жүзеге асыратын компаниялардың өкілдері шақырылды.