ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
16.07.2015ж.
Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының салтанатты ашылуы өтті
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 53 қызмет көрсетеді, «Электрондық Үкімет» WEB-порталы www.e.gov.kz және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық порталы арқылы ұсынылатын 23 салықтық қызмет түрі және 3 кедендік қызмет түрлері автоматтандырылған.
2015 жылдың І жартыжылдығында барлығы 285980 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың:
- 226716 қызмет немесе 79,3 пайызы электрондық түрде;
- 59274 қызмет немесе 20,7 пайызы қағаз түрінде.
Ағымдағы жылдың басында Департамент ғимаратының 1-қабатында орналасқан Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының қайта құрылуы аяқталды. Бұл жерде салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау және уақытты үнемдеу мақсатында «Салық төлеушілерге арналған терминал» кеңейтілді және компьютердің саны 40 дейін артты.
Департаменттің сарапшылары, мұндай орталықтар республиканың барлық ірі қалаларында бар екенін, ең көп компьютерлер Атырау қаласында орналастырылғанын хабарлады. Күту орындар ыңғайлы креслолармен жабдықталған, залда бланктер мен өтініштерді толтыруға арналған арнайы столдардың жеткілікті саны бар.
«Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында» барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша дайын құжаттарды қабылдайтын және беретін 20 терезе, 24 қызметкер жұмыс істейді, жеке тұлғаларға есептелген сомалар және мүлікке, жерге және көлікке арналған салықтар бойынша хабарламалар алу бойынша қызмет көрсетіледі. Орталықта күн сайын орташа 1400-1500 адамға қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет бойынша кеңес алу мәселелері бойынша орталықтың консультанттарынан немесе модератордан алуға болады. Тұрғындардан және бизнес субъектілерінен төлемдер қабылдауды «Казпочта» АҚ-ның 4 терезесі жүзеге асырады.
Келушілерге медициналық кабинеттер қарастырылған, олардың балалары үшін ойын бөлмелері де жабдықталған.
Салтанатты ашылу рәсімінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.
Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кезектерді қысқарту, міндеттемелерді орындау рәсімдерін оңайлату, адами факторларды алып тастау бойынша шаралар қабылдауда.
Қабылданып жатқан қадамдар, тұрғындар мен бизнес субъектілері үшін мемлекеттік бюджетті толтыруға арналған қолайлы ынталандыру болады деп күтілуде.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті