Date of publication: 03.07.2015 19:37
Date of changing: 03.07.2015 19:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

03.07.2015ж.

Баспасөз релизі

Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымымен кездесті

Кеше мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кездесуде еліміздің дамуына әсер еткен Ұлт Көшбасшысы Стратегиясының басты басымдықтары, елеулі бастамалары және басқа да маңызды қабылданған шешімдері туралы сөз етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 75-жылдығына орай ұйымдастырылған дәріс Комитеттің қызметкерлеріне еліміздің Президентінің посткеңестік Қазақстандағы  дағдарыс кезінде жасаған көріністері мен болашаққа деген көзқарастары туралы тереңірек білуге мүмкіндік берді.

Кездесудің қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаев туралы мазмұнды әрі қызықты баяндама үшін ардагерлерге алғыстарын білдіріп, Елбасының өмірлік және саяси жолы Отанға қызмет етудің үлгісі және барша қазақстандықтардың оған деген махаббатының таусылмайтынына бір пікірде болды.

Ұқсас дәрістер Қазақстан Республикасының барлық аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында өтті.

       ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі