Date of publication: 02.07.2015 18:18
Date of changing: 02.07.2015 18:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

02.07.2015ж.

Демалыс мерзімі кезінде кедендік шекара арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібін еске саламыз

Демалыс мерзімінде кедендік шекараны кесіп өткен кезде түсініспеушіліктердің алдын алу үшін мемлекеттік кірістер органдарының сарапшылары өткізу нормаларын түсіндіреді.

Шет елге демалуға жол жүретін отандастарымыз, белгіленген қағиданы бұзбай кедендік шекара арқылы нені және қандай мөлшерде өткізуге болатыны туралы білуі қажет.

Кеден одағының аумағында кедендік шекара арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің бірыңғай тәртібі қолданылады. 

Оларға сәйкес өткізудің бажсыз нормасы 1500 еуроны (әуе көлігі үшін 10 000 еуроны) құрайды және салмағы 50 килограмнан  артық болмауы керек.

Сондай-ақ олардың мөлшері мынадай көрсеткіштерден аспауы тиіс:

киiм және киім заттары – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;

төсек-орын керек-жарақтары – бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;
кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бiр адамға бiр атаудағы 2 (екi) зат;

бас киiмдер – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;

аяқ киiм – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;

аң терісінен жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

былғарыдан жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат;

тамақ өнiмдерi – бiр адамға 10 (он) килограмм;

ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік;

тұрмыстық техника және электр аспаптары – бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмаған басқа да заттар- бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;

Бұдан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның кесіп өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспауы тиіс.

Әңгіме жол сапарда немесе тұрмыста қажетті жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты.

Ақшалай қаражатқа қатысты қолма-қол сома ретінде жол чектері де болуы  мүмкін, егер ол 10 000 АҚШ долларынан аспаса, онда оны декларациялау қажет емес.

Ал бағалы қағаздардың және вексельдердің иелері үшін олардың номиналдық құнына қарамастан жазбаша декларациялау рәсімі міндетті болып табылады.

Қолма-қол ақша қаражатының және ақша құралдардың шығу ресмилігін растау қажет етілмейді.

Осы ережелерді сақтау, мүмкін болатын әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

18 жасқа толған тұлғаларға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарды еркін өткізу үшін де қағидалар мынадай шамада белгіленген:

- сыраны қоса алғанда, 3 литр алкогольді ішімдіктерді;

- 200 сигарет немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың ассортиментін;

- 5 кг аспайтын балық және теңіз өнімдері (бекіре балықтың уылдырығынан басқа);

 - салмағы 250 граммнан аспайтын бекіре балықтың уылдырығы.

Азаматтар кез-келген сатып алған суретті, статуэтканы немесе, тіпті, иконаны шекара арқылы өткізуге құқығы бар деп пайымдайтын жағдайлар да бар.

Аталған заттар мәдени құндылықтар болуы мүмкін және оларды әкету үшін тыйым немесе шектеу салынуы мүмкін. Ұнаған экспонатты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің немесе оның аумақтық органдарының осы затты әкетуге тыйым салынбағанын растайтын тиісті анықтама болған жағдайда өткізуге болады.

Бұдан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде  кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі, яғни, «қызыл» және «жасыл» дәліздер жүйесі қолданылады. Өзімен сол немесе өзге заттар болған жағдайда,  жолаушы қай дәліз арқылы өтетінін өзі таңдайды.

Жасыл дәліз,  жоғарыда біз айтқан жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің белгіленген нормаларынан асырмайтын жолаушыларға арналған.

Қызыл дәлізден  міндетті түрде жазбаша декларациялауға жататын тауарлары мен ақша құралдары бар жолаушылар өтеді.

Кедендік шекараны кесіп өтумен байланысты әрбір нақты жағдай бойынша ақпаратты барлық өткізу пункттерінде және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында орналасқан консультативтік пункттерден, сондай-ақ Комитеттің www.kgd.gov.kz ресми сайтыннан алуға болады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі