Date of publication: 26.06.2015 19:34
Date of changing: 26.06.2015 19:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

26.06.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 22-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы БҰҰ  (UNECE) Еуропалық экономикалық комиссиясының қолдауымен Грузияның Кірістер қызметінің ұйымдастыруымен «Кеден қызметтері арасында ақпарат алмасу» тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Кеден қызметтері тауарлар транзиті туралы, оның ішінде ХЖТ кітапшасын қалданумен кеден органдары арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Бұдан басқа UNCTAD өкілі деректер алмасу және ХЖТ операцияларын басқару бөлігінде ASYCUDA бағдарламасын таныстырды.

Қазақстан делегациясы конференция шеңберінде Грузия Кірістер қызметінің Кедендік ресімдеу орталығына барып, ақпараттық жүйелердің жұмысымен және кедендік ресімдеу процесімен танысты. Грузияның кеден қызметі заманауи технологияларды белсенді енгізуде және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруде екенін атап өту қажет.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз релизі