Date of publication: 23.06.2015 19:08
Date of changing: 23.06.2015 19:11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

23.06.2015ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2015 жылғы 22 маусымда Кеден одағының аумағына жалпы салмағы 22 кг 841,6 гр. болатын күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті.

Кедендік тазартуға мәлімделмеген зергерлік бұйымдар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «THSCAN-CX 100» рентген-телевизиялық инспекциялық жүйесін қолдану арқылы анықталды. Оларды Түркиядан Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасының азаматы чемоданында әкелген.

Аталған факт ҚР ҚК 234-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі