ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
23.06.2015ж.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2015 жылғы 22 маусымда жалпы салмағы 7740 кг болатын «насыбай» шайнайтын темекісі бар қорапты тапты.
Таратуға тыйым салынған тауар 228 қорапта оралған және Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Мерседес-Бенц» маркалы автобуста тасымалданған.
Аталған факт ОҚО бойынша МКД ақпараттарды есепке алу кітабына енгізілді.
Қазіргі кезде автокөлік құралы уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.
Іс-шара Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД ӘПБ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі