
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2015 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның салық және инвестиция бойынша халықаралық орталығымен бірлесіп «Салық саясатын реформалау және әкімшілендіру: салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге ҚР Бас прокуратурасы, ҚР МҚІжСҚА, ҚР Жоғарғы сот өкілдер қатысты.
Дөңгелек үстел өткізу барысында салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту мәселелері талқыланды, сондай-ақ халықаралық сарапшы Уэйн Бэрфорд таныстыруды ұсынды.
Елбасының қылмыстық саясатты ырықтандыру туралы тапсырмасын орындау үшін Қылмыстық кодексте кейбір экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту болды, мәселен, құнды қағазды ұстаушылар тізбесін құрайтын жүйеден құжаттар мен мәліметтердің жоғалуы, кінәлі азамат мемлекетке келтірген залалды өтеген жағдайда экономикалық қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тыйым салу енгізілді.
Көрсетілген шаралар бизнеске қысымды төмендетуге, Қазақстан Республикасында инвестициялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстық процесс орбиталарынсыз кәсіпкерлердің төлем есебінен қайта есептелген салықтардың бюджетке түсуін арттырады.