Date of publication: 04.06.2015 18:00
Date of changing: 05.06.2015 09:11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 4 маусымда Шымкент қаласында (Қазақстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары Кеңесінің 61-ші отырысы мен Кеден одағына мүше мелекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 15-отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин қатысушыларды қарсы алып, отырыстың Ұлы Жібек жолы торабында орналасқан Шымкент қаласында арнайы өткізіліп отырғандығын атап өтті. Отырыс  осы тарихи қалада алғаш рет өткізіліп отыр.

Отырысқа Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов қатысып, іс-шараға қатысушылар алдында кіріспе сөз сөйлеп, отырыс барысында туындаған конструктивті ой-пікірлер мен ұсыныстардың жалпы экономикалық диалогқа оң әсерін тигізетіндігіне сенімін білдірді.

Күн тәртібінде ТМД шеңберіндегі кедендік ыңтымақтастық, тауарлардың кедендік құнын бақылаудағы өзара ықпалдасу, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өз-ара ықпалдасуды ұйымдастырудың қағидалары, интернет-тауарларына кедендік бақылау сияқты  өзекті мәселелер қаралды.

ТМД қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің Құқық қорғау бөлімшелері бас комитеті туралы ереже бекітілді.

Сондай-ақ, Кеден одағындағы кеден органдарының өз-ара іс-қимылдарының бірқатар мәселелері талқыланды. «Жалған транзитке» қатысты ақпарат алмасуды ұйымдастыру, кедендік декларацияларды қағаз жүзінде жөнелту рәсімін жою, экспорттық тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді растау, тауарлардың кедендік құны бойынша тәуекелдерді азайту мәселелеріндегі бірыңғай тәртіптер белгіленді,

Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар Шымкент қаласындағы Абай саябағындағы Даңқ Мемориалына барып, Мәңгілік алауға гул шоғын қойды.

 

Мәлімет үшін:

ТМД КҚЖК және КО КҚБА қызметінің негізгі бағыты – ТМД қатысушы-мемлекеттердің және КО мүше-мемлееттердің кеден ісі саласындағы  басым бағыттарды анықтау, ТМД қатысушы-мемлекеттердің және КО мүше-мемлекеттердің кеден саясатының негізгі аспектілері  бойынша кеден және өзге де мүдделі ұлттық қызметтердің, ведомстваларының іс жүзінде ынтымақтасыуын үйлестіру, болып табылады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті