
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
29.05.2015ж.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық балалар суреті байқауының жеңімпаздары анықталды
2015 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) 4-16 жас аралығындағы балалар, оның ішінде Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің балалары қатысқан республикалық балалар суреті байқауы қорытындыланды.
Жеңімпаздарды келесі білікті қазылар алқасының құрамы анықтады:
- Баярлин Азат Хамбетұлы - Астана қаласы суретшілер одағы басқармасы төрағасының орынбасары;
- Марина Зима – Астана қаласындағы «АбрисАрт» көркем мектебінің директоры;
- Сурков Сергей – Халықаралық өнер көрмесінің лауреаты, Еуразия одағы дизайнерлерінің мүшесі;
- Алтаева Ботагөз – Астана қаласындағы көркем мектебінің оқытушысы;
- Ақайдаров Даулетхан – Қазақстан телеарнасының тілшісі;
- Аймақова Альфия – «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, сондай-ақ Ардагерлер қауымдастығы және Комитет басшыларының өкілдері.
Байқаудың қорытындысы бойынша үш жас санаттары: 9 жасқа дейін, 9-12 және 12-16 жасқа дейінгі аралықтар бойынша тоғыз жеңімпаз таңдалды.
Байқаудың жеңімпаздарына естелік дипломдар табысталды, олардың жұмыстары «Мемлекеттік кірістер органдарының жаршысы» ведомстволық журналында жарияланатын болады. Бұдан басқа барлық қатысушылардың жұмыстары Комитет холындағы көрмеде және kgd.gov.kz ресми порталында орналастырылды.
9 жасқа дейінгі санатта үздік деп танылғандар:
1 орын: Жамалбекова Жәния Асқарқызы, 7 жаста (Шымкент қаласы);
2 орын: Орехова Маргарита Владимировна, 5 жаста (Лисаковск қаласы);
3 орын: Амирсоветова Дильназ, 7 жаста (Семей қаласы).
9-12 жас аралығындағы санатта үздік деп танылғандар:
1 орын: Кишкин Назар Максимович, 9 жаста (Чингирлау ауданы);
2 орын: Капесова Сабина, 10 жаста (Шымкент қаласы);
3 орын: Алтынбек Айнель Айдосовна, 10 жаста (Шымкент қаласы).
12 және одан жоғары жас аралығындағы санатта үздік деп танылғандар:
1 орын: Турло Екатерина, 15 лет (Қостанай қаласы);
2 орын: Есмаганбетова Индира, 16 лет (Қостанай қаласы);
3 орын: Власова Кристина, 13 лет (Семей қаласы).
Қатысушылар арасында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысқаны өте қуантады, олардың арасында кейбіреулері жеңімпаз да болды.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыздар.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі