Date of publication: 26.05.2015 10:32
Date of changing: 26.05.2015 10:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздердің назарларыңызға мынаны жеткізеді.

          2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабына сәйкес  бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеуші ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі бойынша салық органдары қызметіне жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ете алатын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдануға міндетті.

Аталған жүйенің жұмыс істеу принципі мынадай: салық төлеушімен тауарға алынған қолма-қол ақша БКМ енгізіледі. БКМ мәліметтер онлайн режимінде фискалдық деректер операторының серверіне жіберіледі, сол қалыптасқан бақылау чегіне уникальды нөмер беріледі де, осыдан кейін бақылау чегі басып шығарылады және сатып алушыға беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес фискалдық деректердің операторы болып «Қазақтелеком» АҚ анықталды.

Бүгінгі күні техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдерімен, БКМ дистрибьюторлары, «Қазақтелеком» АҚ және фискалдық деректерді өңдеуге ықпал жасайтын Қазақстан қоғамдастығымен деректерді беру функциясы бар БКМ техникалық талаптар және тиісті техникалық талаптар нысаны, мемлекеттік кірістер органдарына БКМ мәліметтерін беру және қабылдау, мәліметтерді сақтау тәртібі әзірленді.

БКМ мемлекеттік тізбесіне тиісті қызметі бар жаңа үш БКМ және екі фискалдық тіркеуші енгізілді.

Қазірдің өзінде фискалдық деректер операторының порталында бірқатар салық төлеушілер тіркеліп және фискалдық деректерді беру режимінде жұмыс жасап жатыр.

Барлық қызықтырған мәселелер бойынша және кеңес алу үшін тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласу керек.

Сонымен қатар www.oofd.kz фискалдық деректер операторының порталында барлық қажетті ақпараттар және байланыс орталығының телефоны (590051 ҚР бойынша байланыс тегін) орналастырылған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті