
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
21.05.2015ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 20 мамырда таңғы сағат 09-00-де Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесе отырып автокөлік құралына кедендік тексеріп қарау кезінде Өзбекстанның 1983 жылғы азаматын ұстады. Иесі ер адам болып келетін автомобильге тексеріп қарау жүргізу кезінде Өзбекстаннан Қазақстанға тасбақаларды контрабандалық жолмен алып өту фактісі анықталды.
Саны 1842 дана және салмағы 200 кг асатын тасбақаларды контрабандист өзінің DaewooMatiz маркілі автокөлігінде үш қапқа және бір қорапқа салып, өткізбек болған. Тасбақалардың құны шамамен сегіз млн. теңге деп бағаланады.
Өзбекстан азаматы ұсталды, аталған факті бойынша мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметімен тексеру жүргізілуде.
Алдын-ала ақпараттар бойынша ұсталған тасбақалар халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген орта азиялық құрлықтағы тасбақа болып табылады, жоғалып бара жатқан жануарлардың қатарына кіреді және контрабандистер арасында жоғары танымалдыққа ие.
Бұл орта азиялық құрлықтағы тасбақаларды республикаға контрабандалық жолмен әкелу және одан әкету бірінші әрекет емес. Тәртіпке сәйкес, барлық қажетті ресімдер жүргізілгеннен кейін тірі контрабандалық жүк бостандыққа жіберіледі. Контрабандистер болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыздар.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі