
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
20.05.2015ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 20 және 21 мамыр аралығында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған басқармасымен бірлесіп «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде тауарлар өткізуді кедендік әкімшілендіру: ерекшеліктері, мәселелері және келешегі» тақырыбына семинар өтуде.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді төмендетуге, кедендік тазарту бизнес-процесстерін жылдамдатуға және іскер топтардың бастамаларын тікелей қолдауға бағытталған кедендік әкімшіліктерді реформалау және жаңғырту процесстері жүріп жатыр.
Сондықтан елдің барлық мемлекеттік органдарының алдында халықаралық талаптар мен стандарттарға, тиімділіктің қазіргі замаңғы түсініктермен өз қызметін сәйкестендіру міндеттері тұр.
Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі мақсаты елде қолайлы инвестициялық ахуалға жету және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың құйылуын одан әрі ынталандыру болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициялық келісім-шарттардың шеңберінде өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының алдында кедендік шекара арқылы тауар айналымын тездетуге қолдау көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының және экономикасының дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау міндеті тұр.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде тауарлар өткізуді кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру, осы тақырып бойынша заңнамадағы жаңа енгізілімдер мен өзгерістер, өзекті проблема бойынша білім деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында жоғарыда көрсетілген семинарға Ресей кеден органдарының, жер қойнауын пайдаланушыларымен келісім-шарттық міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын компаниялардың өкілдері шақырылды.
Семинардың нәтижесінде тыңдаушыларға біліктілігін арттыру курсын аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі