Date of publication: 08.07.2026 18:20
Date of changing: 08.07.2026 18:30

Құрметті салық төлеушілер!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 10-шілдеде сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың (ТІЖ) және электрондық шот-фактураның (ЭШФ) нысандарын жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлайды.

Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі  уақытша қолжетімді болмайды.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 15-мамырда Комитет «ЭШФ» АЖ-де ТІЖ және ЭШФ нысандарын жаңарту туралы жоспарланған өзгерістер жөнінде ресми интернет-ресурсында баспасөз хабарламасын жариялағанын еске салады https://kgd.gov.kz/ru/news/ob-izmeneniyah-form-snt-i-esf-v-esf-1-165188.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 10-шілдеде ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және  «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды: 

- 2026 жылғы 11-шілдеден бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2026 жылғы 13-шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.