Date of publication: 13.01.2026 21:40
Date of changing: 13.01.2026 21:42

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ МКК хабарлайды, қазіргі уақытта ЭШФ АЖ порталы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, ЭШФ АЖ жүйесінде ЭШФ жазып беру кезінде кейбір пайдаланушыларда «ҚҚС төлеушіні есепке қою күні» өрісін толтыру барысында қиындықтар туындады.
Аталған қиындықтар толтыруға жатпайтын «ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы мен нөмірі» өрістерін бір мезгілде толтырумен байланысты. Жекелеген жағдайларда салық төлеушілер «0» мәнін көрсеткен, бұл ЭШФ жазып беру кезінде қателердің туындауына алып келеді.
Назарларыңызға саламыз, ЭШФ-ны дұрыс жазып беру үшін «ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою күні» графасын ғана толтыру қажет, ал «ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы мен нөмірі» графаларын толтырудың қажеті жоқ.
Бұл ретте «ҚҚС төлеуші куәлігінің сериясы мен нөмірі» графасы 
ЭШФ АЖ жүйесінде тек өз есеп жүйелерін уақтылы өзектендіріп үлгермеген салық төлеушілер үшін, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтатуға жол бермеу мақсатында сақталған.