Date of publication: 10.11.2025 17:20
Date of changing: 10.11.2025 17:27

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) 2025 жылғы 4 қарашада техникалық ақау орын алып, кейбір пайдаланушыларда мекен-жай деректері жүйеде уақытша қате көрсетілгендігін хабарлайды.
Аталған қателіктер анықталғаннан кейін бірден жойылып, тіркеу деректері сәйкестікке келтірілді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 4 қараша үшін, дұрыс мекен-жай көрсетілген ЭШФ-ны жазып беру қажеттілігі туындаған жағдайда, ЭШФ АЖ-нің «Қағаз түріндегі ТІЖ/ШФ енгізу» функционалын пайдалануға мүмкіндік бар:
− 2025 жылғы 11 қарашадан бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қағаз түрінде жазып берілген шот-фактураны енгізу;
− 2025 жылғы 11 қарашадан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз түрінде жазып берілген тауарларға ілеспе жүкқұжатты енгізу.
Бұл ретте әкімшілік айыппұлдар қолданылмайды.