
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
2025 жылғы 26-маусымнан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:
- Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН);
- Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00 СЕН);
- Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.00 СЕН);
- Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01 СЕН);
- Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (710.00 СЕН);
- Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 СЕН);
- Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарлама
- Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер.
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған
Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:
- knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
- 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
- СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.
Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.