
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 70-жылдығына орай, ағымдағы жылғы 30 сәуірде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының базасында «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске иттердің қосқан үлесі» атты іс-шара ұйымдастырылды, онда қонақтар командасының қатысуымен әскери-қолданбалы шеберлік бойынша жарыс өткізілді.
Іс-шара Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
ҰОС ардагерлері, «Генералдар кеңесінің» РҚҰ өкілдері, «Жас Отан» және Алматы қаласының Түрксіб ауданының Әкімдігі құрметті қонақтар қатарында болды. Сондай-ақ, қонақтар ретінде Алматы Республикалық әскери мектеп интернатының, колледждің және орта мектептің оқушылары қатысты.
Іс-шара кезінде Кинологиялық орталықтың қызметтік иттерін мина іздеуші көмекшілер, байланысшы, санитарлар, диверсанттар ретінде қолданудың қойылымдары көрсетілді.
ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы