Date of publication: 28.04.2015 18:41
Date of changing: 28.04.2015 18:43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТІРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

28.04.2015ж.

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық, кеден органдарының және экономикалық тергеу қызметі ардагерлерінің бастамашылық тобымен «Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер қауымдастығы» (бұдан әрі-Қауымдастық) құрылғанын хабарлайды.

Қауымдастық бірлескен заңды тұлға болып  табылады.

Қауымдастық ардагерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің, қайтыс болған қызметкерлері отбасының азаматтық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда, сондай-ақ олардың өмірінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешуде ықпал етуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасауды, қызметкерлердің заңдылықтарды, қызмет этикасының нормаларын мүлтіксіз сақтау рухына тәрбиелеуге және қызметтік парызын мінсіз атқаруға қатысады.   

Қауымдастықтың төрағасы болып Балжан Айтишқызы Сейілова сайланды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі