Date of publication: 28.04.2015 16:34
Date of changing: 28.04.2015 16:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТІРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

28.04.2015ж.

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНЕ

АНДАТПА

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 2015 жылғы 30 сәуірде сағат 11.00-де Алматы қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығымен «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан иттердің үлесі» тақырыбында іс-шара өткізіледі.

Іс-шара Жастар саясатын дамыту мемелекеттік қорымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталық» РММ базасында өткізіледі.

Қатысушылар:

ҰОС ардагерлері, «Генералдар кеңесінің» РҚҰ, «Жас Отан» және Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімдігі өкілдері, сондай-ақ Алматы Республикалық әскери мектеп интернаты, колледждің және орта мектеп оқушылары қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шара бағдарламасына иттерді мина іздеуші, байланыстырушы, санитарлар, диверсанттар және т.б. ретінде қолданудың көрсету қойылымдарының демонстрациясы кіреді. Сонымен бірге қонақтардың қатысуымен әскери-қолданбалы шеберлік бойынша сайыс өткізілетін және әскери-дала асханасынан дәм тату ұйымдастырылатын болады.

БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар бойынша жүргізіледі:

+7 707 331 17 33, +7 705 263 25 35 және мына электронды мекен-жай бойынша:  akutkuginova.74@mail.ru.

Өткізілетін орны:     Алматы қаласы, Красногорский көшесі, 53

 

                               ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы