
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
24.04.2015ж.
Баспасөз релизі
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұйымдастыруымен семинар өтуде. Семинар барысында «Салық, кеден органдарының әрекеттеріне шағымдану» және «Мемлекеттік органдармен дауды сотқа дейін реттеу» сияқты тақырыптар толық жарықтандырылуда.
Семинар жұмысында Жоғарғы, облыстық және жергілікті соттардың судьялары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық департаменттерінің, прокуратура органдарының, адвокаттар алқасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, коммерциялық және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Күн тәртібі бойынша мемлекеттік органдармен дауды сотқа дейін реттеу, салық және кеден заңнамаларын қолданумен байланысты азаматтық істерді қарау практикасы және басқа мәселелер талқылануда.
Талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар тиісті ұсыныстар қабылдайтын болады.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті