Date of publication: 23.04.2015 18:29
Date of changing: 23.04.2015 18:30
Легализация имущества

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

23.04.2015ж.

Баспасөз релизі

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Көлеңкелі айналымның азаюы: Жария ету бойынша науқанның аралық қорытындысының сараптамалық бағасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде, Қазақстан Республикасында экономикаға ішкі капиталды тартуда тәжірибесі онша көп емес. Қазақстан Республикасы кеңестен кейiнгi кеңiстiкте 2001 жылы капиталдың рақымшылық етуін өткізген алғашқы мемлекет болды. Жария етудің алғашқы және екінші толқынының негізгі міндеті экономикаға көлеңкелі капиталды тарту және мүліктерді заңдастыру болды.

Жария ету – әлемдік практикада жаңалық емес. Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген штаттары барлық елдерде капиталды көлеңкеден шығару мәселесі өте маңызды болуына байланысты аталған науқанды бірнеше рет өткізеді.

Осы кездегі ел азаматтарының капиталын және мүлкін рақымшылық ету шын мәнінде отандық экономиканы дамытуға және нарықтағы көлеңкелі азаматты жаһандық дамуда Қазақстанның болашақ жағдайын айқындайтын жобаның шынайы инвесторына айналдыруға бағытталғанын атап өту қажет. Сонымен бірге, бұл, кірістерді жалпы декларациялауға енгізу қарсаңында капиталды заңды секторға шығару мүмкіндігі болып тұр.

Ағымдағы жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 190 млрд. теңге мүлік пен ақша жария етілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқаны – 130 млрд. теңге; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқаны – 216 млн. тенге; 59,3  млрд. теңгеге ақша жария етілді. Бюджетке мүлікті жария еткені үшін алым ретінде 2,4 млрд. теңге түсті.

2015 жылғы 11 наурыздағы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы бизнесті жария етуге белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ жария ету субъектілерінің құқықтары қорғалатынына кепілдік берілетініне көрсетті.

Мүлікті жария етуді белсендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өткізіліп жатқан науқанның тартымдылығын арттыруды көздейтін қосымша заңнамалық нормаларды қабылдауға бастамашылық етуде. Олардың ішіндегі негізгілері: екінші деңгейдегі банкттердегі жария етілетін ақшаны арнайы жинақ шотында орналастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту; бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты енгізу; жария етілетін ақшаға инвестиялау құралдарын кеңейту болып табылады.

Заң жобасын әзірлеу кезінде, ҚР Қаржы министрлігі алыс және таяу шет елдердің тәжірибелерін ескерді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі