
2023 жылғы 20 маусымда сағат 17:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева сөз сөйлейді.
Модератор - Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ МКК «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары.
ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.