ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Марапатталған номинанттардың тізімі
2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде әртүрлі номинациялар бойынша үздік салық төлеушілерді және СЭҚ-қа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мәселен, «Патент негізіндегі арнайы салық режимі – өндіріс" номинациясында патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер Рогачева Ирина Альбертовна марапатталды (Қарағанды облысы), қызмет түрі – ойын және ойыншық өндірісі;
«Патент негізіндегі арнайы салық режимі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер Берқалиев Жакирья Сатқанұлы марапатталды (Батыс Қазақстан облысы), қызмет түрі – такси қызметі;
«Патент негізіндегі арнайы салық режимі – сауда» номинациясында Қияқова Жайылсын Текейқызы (Ақтөбе облысы) марапатталды, қызмет түрі – мамандандырылған дүкендерде азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудасының басқа түрлері;
«Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі – өндіріс» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер «Ахмутдинов» - Оралұлы Сермұхамет (Солтүстік Қазақстан облысы) марапатталды, қызмет түрі – басқа бұйымдар өндірісі;
«Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша Кляцкий Владислав Григорьевич марапатталды (Оңтүстік Қазақстан облысы), қызмет түрі – мал дәрігерлік қызмет көрсету;
«Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі – сауда» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер - Свинцова Ирина Ефимовна (Жамбыл облысы) марапатталды, қызмет түрі – нарықта басқа да тауарлардың бөлшек саудасы;
«Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі – құрылыс» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер Винидиктов Сергей Валерьевич (Қостанай облысы) марапатталды, қызмет түрі – тұрғын-үй ғимараттарының құрылысы;
«Шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнайы салық режимі» номинациясы бойынша «Е. Зайтенов» шаруа қожалығы - Зайтенов Ерлан Әмірбекұлы (Шығыс Қазақстан облысы) марапатталды, қызмет түрі – май дақылдары және олардың дәндерін өсіру;
«Ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық режимі» номинациясы бойынша «АДАЛ» Агроөнеркәсіптік компаниясы» АҚ (Алматы облысы) марапатталды, қызмет түрі – консервілеу және ірімшіктер өндірісінен басқа, сүтті өңдеу;
«Салық салудың жалпыға бірдей режимі – өндіріс» номинациясы бойынша «Най-Мир» ЖШС (Қызылорда облысы) марапатталды, қызмет түрі – жарма өндірісі;
«Салық салудың жалпыға бірдей режимі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша «САЭМ-Центр» ЖШС (Қарағанды облысы) марапатталды, қызмет түрі – орталық жылыту қазанынан басқа, бу қазандарын жөндеу;
«Салық салудың жалпыға бірдей режимі – сауда» номинациясы бойынша «АРГО» ЖШС (Ақмола облысы) марапатталды, қызмет түрі – мамандандырылмаған дүкендерде сусындар мен темекі бұйымдарын қоса алғанда, көбіне азық-түлік өнімінің бөлшек саудасы;
«Салық салудың жалпыға бірдей режимі – құрылыс» номинациясы бойынша «АЗА» ЖШС (Павлодар облысы) марапатталды, қызмет түрі – жол және тас жолдар құрылысы, асфальт-бетон өндірісі;
«Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым» номинациясы бойынша "ИСТОК АУДИО КАЗАХСТАН" ЖШС (Астана қ.) марапатталды, қызмет түрі – жалпы дәрігерлік практика;
«Салық салудың жалпыға бірдей режимі – көлік және байланыс» номинациясы бойынша «Пони Экспресс» ЖШС (Алматы қ.) марапатталды, қызмет түрі – басқа пошта және курьерлік қызметі;
«Тіркелген салық» номинациясы бойынша «Боулинг Центр» ҚБ (Маңғыстау облысы) марапатталды, қызмет түрі – спорт объектілерінің қызметі;
«Акциздер» номинациясы бойынша «Көкшетау минералды сулары» АҚ марапатталды (Ақмола облысы), қызмет түрі - дистилляция, ректификация және спирттік сусындардың араласуы;
«Жер қойнауын пайдаланушылар» номинациясы бойынша «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандағы филиалы (Батыс Қазақстан облысы) марапатталды, қызмет түрі – шикі мұнай және ілеспе газды өндіру;
«Шет ел компаниясы» номинациясы бойынша "FluorKazakhstanInc. (Флюор Казахстан Инк.)" филиалы (Атырау облысы) марапатталды, қызмет түрі – арнайы кәсіпті талап ететін басқа да құрылыс жұмыстары;
«Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша «Стройконструкция» АҚ марапатталды (Астана қаласы), қызмет түрі – құрама темір-бетон, бетон конструкциялары мен бұйымдарының өндірісі.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі