Date of publication: 12.04.2023 16:46
Date of changing: 12.04.2023 16:47

2023 жылғы 04-06 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің профильді құрылымдық бөлімшесі Әкімшілендіру департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру  басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар тасмалдауын бақылау» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – «Қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар тасмалдауын бақылау» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 95 қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру  басқармасының бас сарапшысы - Карисов Берик Канатович сөз сөйледі.

Қатысушылар «Қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар тасмалдауын бақылау» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздері және ерекшеліктерімен танысты.