Date of publication: 12.04.2023 14:41
Date of changing: 12.04.2023 14:44

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары міндетін атқарушының - Қаржы министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы
30 наурыздағы №309 бұйрығымен «Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы
29 наурыздағы № 262 бұйрығына (бұдан әрі – № 262 бұйрығы) өзгеріс енгізді.

Өзгерту электрондық сәйкестендіргіштер (навигациялық пломбалар) бойынша нормаларды алып тастау бөлігінде № 262 бұйрығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің
2022 жылғы 24 маусымдағы № 623 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында енгізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары міндетін атқарушының - Қаржы министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы
30 наурыздағы №309 бұйрығы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.