Date of publication: 31.03.2023 18:38
Date of changing: 31.03.2023 18:40

     Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.

     Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шамамен 1,6 млн. қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады. Бүгінгі таңда 900 мыңнан астам жеке тұлға «кіру» декларациясын ұсынды.

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекет құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары жатады.

   Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларациялау жүйесіне кірген күнге ұсынылады, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалады және мыналарды:

   1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүліктерді:
   - жылжымайтын мүлік және жер учаскелерін;

   - көлік құралдарын, арнайы техниканы және (немесе) тіркемелерді;
(жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері).

   - ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығы АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақшаны.

   2. Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі мүлікті:
   - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесін;

   - бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, цифрлық активтер;
   -  инвестициялық алтынды;

  - зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;

  - 10 000 АЕК шегінен аспайтын қолма-қол ақшаны;

  - дебиторлық / кредиторлық берешекті (нотариат куәландырған шарт болған жағдайда);

  - осы мүліктің бірлігі үшін құны 1000 АЕК болатын басқа мүлікті (бағалау құны болған жағдайда) көрсетуге арналған.

   Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz), «электрондық үкімет» порталы, eSalyq azamat, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

   Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – орналасқан жері бойынша ұсынады.
   2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2024 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсыну бойынша міндеттеме туындайды.