ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
20.04.2015г.
Баспасөз-релизі
2015 жылғы 20 - 21 мамыр кезеңінде Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған басқармасымен бірлесіп «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде тауарлар өткізуді кедендік әкімшілендіру: ерекшеліктері, проблемалары және перспективалары» тақырыбына семинар өткізуді жоспарлауда.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің реттілігін азайтуға, кедендік тазартудың бизнес-процестерін жылдамдатуға және іскери топтардың перспективалық бастамаларын тікелей қолдауға бағытталған кедендік әкімшіліктерді реформалау және жаңғырту процестері жүруде.
Сондықтан, елдің барлық мемлекеттік органдарының алдында өз қызметін, тиімділіктің қазіргі заманғы түсініктерімен халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестікке келтіру міндеті тұр.
Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі мақсаты елде қолайлы инвестициялық ахуалға қолжеткізу және экономикаға тікелей шетел инвестициялардың құйылуын әрі қарай ынталандыру болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициялық келісім-шарттардың шеңберінде өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының алдында кедендік шекара арқылы тауар айналымын тездетуге ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының және экономикасының дамуына жәрдемдесу, бұл ретте мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау міндеті тұр.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде тауарлар өткізуді кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру, осы тақырып бойынша заңнамадағы жаңа енгізілімдер мен өзгерістер, көкейтесті мәселелер бойынша білімнің деңгейін арттыру және тәжірибемен алмасу мақсатында жоғарыда аталған семинарға ЕАЭК, ТМД мүше мемлекеттердің кеден органдарының, жер қойнауын пайдаланушыларымен келісім-шарттық міндеттемелерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын компаниялардың өкілдері шақырылды.
Қатысу, кәсіби қызметі жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар шеңберінде тауарларды өткізу мәселелерін қозғайтын барлық мүдделі тұлғаларға ашық.
Семинарға қатысумен байланысты барлық мәселелер бойынша 8 (717 2) 709980 телефоны бойынша ҚР ҚМ МКК сарапшысы – Айгүл Ғазизқызы Башироваға және 8 (717 2) 709885 телефоны бойынша ҚР ҚМ КБК Оқу-әдістемелік орталығының қайта даярлау және біліктілігін арттыру бөлімінің бас маманы – Айгүл Темріканқызы Балтабаеваға жүгіну қажет.
Семинарға қатысу үшін тапсырыстарды мына электрондық мекен-жайларға жолдау қажет: aigul.baltabayeva@customs.kz, Aigul.Bashirova@customs.kz.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі