Date of publication: 17.04.2015 20:45
Date of changing: 17.04.2015 20:47
лучший нп

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

17.04.2015ж.

Баспасөз релизі

«Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атты салтанатты марапаттау рәсімі

2015 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қоғамдастықтарын және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт қайраткерлерін шақыра отырып, үздік салық төлеушілерді және СЭҚ-қа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – экономиканың әртүрлі саласында сәтті жұмыс істеп жүрген салық төлеушілердің жетістіктерін, тікелей Қазақстан экономикасының өсуіне әсер ететін салық төлеушінің қызметіне қоғамның назарын аударуды, бизнесті шынайы, ашық және сауатты жүргізудің айқындығын атап өту.

Мұндай конкурстар азаматтардың жоғары салық мәдениетін қалыптастыру және бюджеттің табыс бөлігін толтыруға бағытталған іс-шараларды қолдау, мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы әріптестік өзара қарым-қатынасты нығайту  мақсатында өткізіледі. Халықаралық тәжірибе көрсететіндей, адал салық төлеушілерді марапаттау кәсіпкерлік қызметіндегі субъектілерді ерікті және уақтылы салықтарды төлеу үшін моральдық ынталандыру түрлерінің бірі болып табылады.

«Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» атты конкурсының лауреаттары болып әртүрлі номинациялар бойынша 20 кәсіпорын иелері атанды. Конкурс, мемлекет алдында өздерінің міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс білдіру құралына айналды, сондай-ақ алдағы уақытта бақылаушы органдар мен салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды жақсартуға және олардың сенімділігін және ашықтығын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі