
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел
2015 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру бойынша жұмыс тобы дөңгелек үстелдің бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Қазақстандағы және Орта Азиядағы EY компаниясының басқарушы әріптесі, шетел тарапынан жұмыс тобының тең төрағасы Ерлан Досымбеков «Әкімшілендіру мәселелері елдің инвестициялық тартымдылығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шетелдік инвесторлар осы саладағы жаңа енгізілімдерді талқылауда жоғары деңгейдегі қызығушылықтарын білдірді»-деп түсіндіреді.
Дөңгелек үстелдің негізгі міндеті – инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Комитеттің бастамаларын білу, сондай-ақ Комитет төрағасымен әкімшілендіру және құқықтық қолдану практикасы саласында инвесторлардың көкейкесті мәселелерін тікелей диалог арқылы талқылау болды.
Дәулет Ерғожин, сөз сөйлеушілер Қазақстан Республикасындағы «Дойче Банк АГ» өкілдігінің басшысы, «Қазақстан шетел инвесторлары кеңесі» Ассоциаициясының басқарма төрағасы Ульф Вокурк, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтардың арасында негізгі баяндамашы болды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары – шетелдік инвесторлар, даму институттары, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық орталықтар өкілдері әкімшілендіруді жетілдіру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
Дәулет Ерғожин өз сөзінде, «Қазақстан-2050» стратегиясы» және «Нұрлы Жол» Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына қаланған тұжырымдамалық негізде Мемлекеттік кірістер комитетінің өзекті бастамаларын атап өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметін елімізде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарлаған.
Мемлекеттік қызметшілердің кезең-кезеңімен карьералық өсудің жүйелі жоспарын, оларды оқыту және дамытуды қоса алғанда, кәсіби кадрлық құрамды қамтамасыз ету, Комитет төрағасы айтқан реформаның маңызды құрамдасы болып табылады.
Іскерлік қоғамдастық үшін инвестициялық шешімді қабылдау және қызметті жүргізу кезінде заң ұлылығының ерекше маңыздылығы бар. Дөңгелек үстел барысында талқылаулың негізгі бөлігі құқықтық қолдану практикасына және оны жетілдіру жолдарына арналды.
Комитеттің жоспарында – «нысаннан мазмұн артық» тәсілін енгізу, яғни салық төлешілердің сұрақтарын мәніне қарай қарастыру, салықтық дауларды қарау жүйесіне сенімді арттыру.
Бірінші кезектегі міндеттердің арасында – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тарифтік саясатты оңайлату бойынша ауқымды жұмыс жүргізу. Бұл міндетті іске асыру қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, сондай-ақ Республиканың позициясын халықаралық рейтингте көтеруге ықпал ететін болады.
Ерекше қызығушылықты бизнес процестерді жетілдірумен байланысты реформаның компоненттері тудыртады, себебі оның іске асырылуы қызмет көрсетудің сапасына тікелей әсер етеді, салық төлеушілер үшін де, мемлекет үшін де тиімділігін арттырады және шығындарды қысқартады. Бизнес процестерді жетілдіру бағыттары арасында е-декларациялау (электрондық декларациялау), УЭО кәсібилігі (уәкілетті экономикалық операторлар), call – орталығы қызметінің спектрін және сапа деңгейін кеңейту, бірыңғай ақпараттық жүйені және деректер базасын құру арқылы техникалық мүмкіндіктерді кеңейту айқындалған. Адал салық төлеушілердің СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл оңтайландыруға мүмкіндік беретін бақылау тәуекелдерді басқару жүйесіне бағдарланатын болады, сондай-ақ күшті көлеңкелі экономикаға қарсы күреске шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жақын арадағы перспективада бизнес үшін осы бастамалардың ішінде іске асырудың ең көп күтілетін нәтижелердің арасында - кедендік декларациялау кезінде құжаттардың қысқаруы, СЭҚ-қа қатысушылардың тіркеуін оңайлату, бақылау функциясы тауар шығарылғаннан кейінгі кезеңге ауысатын «жасыл дәлізді» енгізу.
Ерлан Досымбеков: «Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы айтқан бастамалар іскерлік кеңістікте оң қолдау табады, себебі ол салық төлеушілер мен СЭҚ-қа қатысушылар үшін әкімшілендіру жағдайын жақсарту бойынша жоспарлы жұмысқа бағытталған. Комитеттің жаңартылатын кәсіби кадрлық құрамын және бизнес процестерінің жетілдіруін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттерін ерекше атап өту қажет. Осы міндеттерді іске асыру қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады» - деп атап өтті.
Дөңгелек үстелдің маңызды бөлігі салықтық әкімшілендіру және құқықтық қолдану практикасы саласында шетел инвесторларының өзекті мәселелері бойынша тікелей диалогы болды. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Комитет төрағасына презентацияның ақпараттылығы, дискуссияның нәтижелілігі, қиын мәселелерді талқылаудағы ашықтығы үшін алғыс айтты және осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне сенімдері мен қызығушылықтарын білдірді.