Date of publication: 14.04.2015 17:37
Date of changing: 14.04.2015 17:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

14.04.2015ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2015 жылғы 13 сәуірде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет), Комитет, Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті басшылығының қатысуымен Электрондық шот-фактура бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығы Кеңесін басқарушы Жаннат Жүрғалиқызы Ертілесованың төрағалық етуімен өтті.

Отырыс барысында электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту бойынша міндеттер, сондай-ақ салық төлеушілердің өз еркімен электрондық шот-фактураның көшірмесін қолдану кезінде туындайтын негізгі проблемаларды талқылады.  

Жүргізіліп жатқан жұмыс, электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесін қолдануды, және сәйкесінше олардың көшірмесін оңайлатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі