Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасының азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар адамдарының табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшу тұжырымдамасымен жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялауға кезең-кезеңімен көшу қарастырылған.
Декларациялау жүйесіне көшу барысында жеке тұлғалар меншік құқығындағы мүлкін, оның ішінде жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын декларациялауға міндетті болады.
Қазіргі уақытта, жылжымайтын мүліктің меншікте болуы (болмауы) туралы мәліметті өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатымен ХҚКО-на бару арқылы тексеруге болады немесе www.egov.kz сайтынан on-line түрінде осы қызметті алуға болады.
Көлік құралдарының меншікте болуы (болмауы) туралы мәліметті жеке басын куәландыратын құжатпен автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған ХҚКО-на бару арқылы тексеруге болады. Қазіргі уақытта, Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен қалаларында Мамандандырылған ХҚКО жұмыс жасап тұрғанына назарыңызды аударамыз.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың деректер қорындағы мәліметтерімен келіспеген жағдайда, растаушы құжаттармен:
жылжымайтын мүлік бойынша – «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМКК-ның аумақтық бөлімшесіне;
жер телімдері бойынша – жергілікті атқару органдарының жанындағы жер қатынастарының аумақтық бөлімшесіне;
көлік құралдары бойынша – ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшесіне бару қажет.