Date of publication: 10.04.2015 16:48
Date of changing: 10.04.2015 16:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

10.04.2015ж.

Баспасөз релизі

Мемлекеттік кірістер органдары салықтық және кедендік сауаттылықты дамыту мақсатында «1 маусым-Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге орай, 2015 жылғы 10 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің сияқты, аз қамтылған отбасылардың, ата-ананың қамқорлығынан айырылған және т.б. балалардың арасында Балалардың сурет салу байқауы жарияланады.

Байқау екі: 2015 жылғы 10 сәуірден бастап өңірлік және 2015 жылғы 20 мамырдан бастап республикалық кезеңде өткізілетін болады.

Жеңімпаздарды, құрамына бейнелеу өнері саласының сарапшылары тартылған арнайы құрылған комиссия, А3 не А4 форматтағы 10 үздік суретті таңдау бойынша анықтайды.

Байқауға 3 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал олардың жұмыстары көрмеде орналастырылатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 70 98 64 телефон бойынша хабарласуға болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі