Date of publication: 10.04.2015 14:35
Date of changing: 10.04.2015 14:37
кгд мф рк, банкротство и реабилитация

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

10.04.2015ж.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет), Комитет басшыларының, қызметкерлерінің, банкроттық және оңалту басқарушыларының қатысуымен «Банкроттық және оңалту туралы заңнамаларға енгізілген жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

  2014 жылы Комитет Дүниежүзілік Банктің «DoingBusiness» халықаралық рейтингіндегі «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша Қазақстан көрсеткішін жақсартуға бағытталған оңалту және банкроттық мәселелері бойынша заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық етті.

Мәселен, кредиторларға ұлттық деңгейде борышкерге қатысты оңалту рәсіміне бастамашылық ету құқығы берілді, ал бұрын мұндай құқық тек борышкерге тиесілі болатын.

Сондай-ақ, оңалту жоспарына өзгерістер енгізу кезінде кредиторлардың дауыс беру шарттары да өзгертілді. Ағымдағы жылдан бастап аталған өзгеріске қатысы бар кредиторлар ғана дауыс береді. Аталған шара басқа кредиторлардың араласуынсыз өз құқықтарын белсенді түрде қорғауға мүмкіндік береді.

Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін қысқарту мақсатында кредиторлар өз шешімдерімен банкроттың «үмітсіз» жылжымалы мүлкін іздестіруді тоқтатуға құқылы.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнесті және бәсекеге қабілеттілікті барынша сақтап қалу мақсатында, банкроттың мүлкін бірыңғай мүліктік кешен түрінде сатып алуға болатындығы туралы жаңа норма енгізілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кредиторлардың борышкерлермен бірлесіп қысқа мерзімде және аз шығынмен төлем қабілетсіздігі туралы мәлелелерді шешуге  және Дүниежүзілік Банктің «DoingBusiness» халықаралық рейтингінде Қазақстан көрсеткішін жақсартуына мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі