
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Жанәділова Жанымкүл Досқызын зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтайды!
Жанымкүл Досқызының еңбек жолы салық органдарымен байланысты, ол 1994 жылы Торғай облысы Державинск ауданы бойынша Салық инспекциясының есеп бөлімінің бастығы қызметінен бастаған.
Ол өзін сауатты маман және өз ісінің үлкен кәсіпқойы ретінде көрсетті. Салық кодекстерін, Дербес шоттарды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін әзірлеуде үлесі зор.
Салық төлемдерін есепке алу және салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу бойынша елдің бас әдіскері бола отырып, Жанымкүл Досқызы Қазақстан салық қызметінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Ол қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жастарды алға, жаңа нәтижелерге ұмтылуға шабыттандырды.
Жұмыстағы жоғары жетістіктері, адал және мінсіз еңбегі үшін Жанымкүл Досқызы ведомстволық Құрмет грамоталарымен, «Салық қызметінің үздігі» және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.
Өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін Жанымкүл Досқызы көптеген әріптестерінің, оның ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасында үлкен құрмет пен беделге ие.
Көптеген жылдар бойы бірге жұмыс істеген әріптестері оның сабырлылығын, шыдамдылығын, ізгі ниетін, айрықша әдептілігін атап өтеді.
Сонымен бірге, Жанымкүл Досқызы екі керемет ұл тәрбиелегенін атап өткен жөн, олардың бірі – Асқар анасының ізімен жүріп, 2019 жылдан бастап ҚР ҚМ МКК-де жұмыс істейді.
Лайықты демалысқа шығу – бұл күнделікті өмірдің қарбаласында тоқтап, әріптестерінің, достарының, туыстарының құттықтаулары мен таңданыстарының сөздерін тыңдауға тамаша себеп.
Құрметті Жанымкүл Досқызы, зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қуанышқа толы ұзақ өмір тілейміз!