Жарияланған күні: 06.02.2020 12:58
Өзгертілген күні: 06.02.2020 13:03

23 қаңтарда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Атамекен" кеден бекетінде 11 бағалы автокөлік ұсталды.

Кедендік бақылау кезінде аталған автокөлік құралдары бұрын Грузиядан шығып Қазақстан арқылы транзитпен Өзбекстанға өткен. Бұл ретте, шығарылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң аталған автокөліктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен кері қарай қайта енгізу  анықталды.

 Тексеру жүргізілгенен кейін автокөліктерге Қазақстан аумағында кедендік тазарту жүргізілмегені, сәйкесінше, кедендік салықтар пен төлемдерді төлеуден жалтару фактілері анықталды.

Аталған фактіге қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.