Жарияланған күні: 25.10.2019 18:20
Өзгертілген күні: 25.10.2019 18:21

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
25 қазан 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ.

Мемлекеттік кірістер комитеті 150 АЕК-тен астам берешегі бар заңды тұлғалардың антирейтингін жариялады

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуші - заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, салық берешегі пайда болған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмеген 150 АЕК-тен астам салық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін жариялады. Бұл норма ҚР Салық кодексінің 127-бабында көрсетілген.
Тізімде келтірілген 10 239 заңды тұлғаның жалпы сомасы 231 126 319 010 теңге салық бойынша қарыздары бар.
Салық бойынша қарыздың ең көп сомасын Маңғыстау облысында "Қазполмұнай" ЖШС иеленеді, жетекшісі Вячеслав Стежар. Мемлекет алдындағы жалпы берешек 14 411 864 615,46 теңгені құрады.
Оның артында "ИртышГЭСстрой" ЖШС бар, бұл Шығыс Қазақстан облысында, жетекшісі Темірғали Бейсемин. Оның төленбеген қарыз сомасы 4 193 942 332 теңгені құрады.
Үшінші орынды Ақмола облысының "Сага Крик Голд Компани "Бірлескен кәсіпорны" ЖШС иеленеді, жетекшісі Джон Комарники. Берешектің жалпы сомасы 3 417 537 278 теңге.
Сонымен қатар, 10 АЕК-тен астам берешегі бар 9994 ЖК тізімі www.kgd.gov.kz сайтында жарияланды. Мұнда жалпы берешек 8 407 962 512 теңгені құрады.
Жеке кәсіпкерлер арасында борышкерлер тізімінде бірінші орынды ЖК Тұрысбеков Ермек Бақытбекұлы алады. Қарыз сомасы 260 716 920 теңге.
Одан кейін Атырау облысынан ЖК "КУДАШЕВА Ж.Б" келеді. Салық берешегі 171 477 802 теңгеге жетті.
Көшбасшылар үштігін ЖК Әбілдин Г.К. тұйықтады, Қарағанды облысы. Берешек 144 606 849 теңгені құрады.
Толық тізім келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list.
Айта кету керек, тізімде көрсетілген барлық кәсіпкерлер салық амнистиясын пайдалана алмайды, өйткені қарыз белгілі бір бөлігінде ағымдағы жылдың ішінде пайда болды. Сонымен қатар, салықтық рақымшылық талаптарына сай келетін заңды тұлғалар мен ЖК үшін өсімпұлды есептен шығару жөніндегі науқанға қатысу үшін ешқандай кедергі жоқ.