Жарияланған күні: 16.04.2026 18:16
Өзгертілген күні: 16.04.2026 18:19

Корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану туралы норма бөлігінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Cалық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі Салық төлеушісінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) жаңа функционалды іске қосты.

Дербес төлеушілер деп танылған құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар құрылымдық бөлімшелерді дербес төлеушілер деп тану туралы шешімдерді міндетті түрде қалыптастыруы қажет. Қалыптастырылған шешімдер бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына берілетін болады және нөлдік СЕН автоматты қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады (Салық кодексінің 115-бабының 6-тармағы).

Функционал салық төлеушілермен электрондық өзара іс-қимылды кеңейтуге және салық заңнамасының нормаларын іске асыруға бағытталған.

Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.