
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 16-ақпаннан бастап салық төлеушінің ескі кабинетінде және Салық есептілігін өңдеу сервистері АЖ-де (СЕӨС) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» 328.00 нысаны өшірілетіні туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 328.00 нысаның функционалы Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйенің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) толық қолжетімді екенін хабарлаймыз.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін. 328.00-нысаны «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш" салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығымен бекітілген.




























