Жарияланған күні: 03.07.2025 14:48
Өзгертілген күні: 03.07.2025 14:50

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.

2025 жылғы 3 шілдеден бастап салық қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – Өтініш) (https://knp.kgd.gov.kz/) СӘИЖ СТК-да қабылданатын болады.

Бұл ретте, бұрын берілген өтініштерін салық төлеушінің кабинетінде де (https://cabinet.kgd.gov.kz) көруге қолжетімді болып қалды.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

  1. жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы, knpsd@ecc.kz электрондық поштаға;
  2. СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.