
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 17-21 ақпан аралығында "Әуежай-Астана" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары үшін «Халықаралық әуежайларда кеден органдарының қызметін жүзеге асыру» тақырыбы бойынша күндізгі оқу семинарын өткізді.
Семинар лекторлары ОӘО тәжірибелі қызметкерлері болды, сондай-ақ жеке өсу консультанты, психология ғылымдарының докторы Асылбекова Лейла, Комитеттің кедендік әдіснама департаменті кедендік рәсімдер және декларациялау әдіснамасы басқармасының орынбасары Сергазиев Танатар, Комитеттің жедел бақылау департаменті сауда емес айналым басқармасының бас сарапшысы Максаков Юрий шақырылды.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларында TADOC (ТАДОК) Түрік халықаралық есірткі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес академиясының бағдарламасына оқуға мүмкіндік туды. 2019 жылдың соңында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі ОӘО-да осы оқу бағдарламасын бекітті. «Әуежайларда жұмыс істеу әдістері», «Әуежайлардағы тәуекелді бағалау», «Әуежайлардағы тәуекел бейіндерін әзірлеу», «Әуежайларда іріктеу әдістері», «Әуежайларды алдын ала бақылау», «Әуежайлардағы тұлғаларды сұрау», «Әуежайлардағы жеке тұлғаларды қарау» - бұл ТАДОК оқу модульдері семинар бағдарламасына енгізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша тыңдармандардың жағымды пікірлері алынды. «Әуежай-Астана» кеден бекетінің 10 қызметкері біліктілігін сәтті арттыру туралы ОӘО сертификаттарына ие болды.