Жарияланған күні: 08.04.2024 15:29
Өзгертілген күні: 08.04.2024 15:35

            Түзетулер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын іске асыру үшін әзірленді:

            1) 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 «Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы»;

            2) 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 «Қазақстан Республикасының астанасы-Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының                                астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы».

            Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына (Іле ауданы) көшіруге байланысты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіруін жақсарту қажеттілігі туындады.Осыған байланысты, бұйрық жобасында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле, Қарасай және Талғар аудандарының қызмет аймағын Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағына ауыстыру көзделген.

           Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 4 сәуірде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15003526 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

          Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 18 сәуірде дейін.