
Бүгінгі күні соттан тыс банкроттық рәсіміне жолданған 10382 арыздардың тексерілуі аяқталды (бұл барлық келіп түскен арыздардың 30%), нәтижесінде, 2 670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды, бұл барлық жүгінгендердің 26% құрайды.
Оның ішінде 375 тұлға атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, 985 азамат қарызын 5 жылдан артық уақыт өтемеген.
Аталған борышкерлер бойынша мәліметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.
7340 арыз бойынша азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарламаны 1414 сервисі арқылы телефондарына алды.
Бас тартудың негізгі себептері:
- Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;
- Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алушы екендігін растаған жоқ;
- 1463 тұлға жұбайының болу фактісін көрсетпеді, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ;
- Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 1349 тұлғада меншік құқықығында жылжымайтын мүлік бар;
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 941 азаматта жер учаскілері бар;
- 789 азаматтарға автокөлік тіркелген (Ішкі істер министрлігі мәліметі).
Осындай, рәсімді қолданудан бас тарту туралы Хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттықтың негіздеріне сәйкес келгенде арызды қайтадан 3 айдан кейін беруге болады.
Скорингтің сапасы деректер базасындағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығына» тікелей байланысты болғандықтан, ол үшін жауапкершілікті деректер базасының иелері – тиісті мемлекеттік органдар екенін алатынын атап өткен жөн.