Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді iстi қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды (ӘҚБтК 817-бабы).

 Иә, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-тің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-тің 274-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 ӘҚБтК 44-бабымен әкімшілік айыппұл салудың шегі қарастырылған.

Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың мөлшерiн жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

 Иә, Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады (ӘҚБтК 58- бабы).

Әрбір бұзушылық фактісіне дербес әкімшілік құқық бұзушылық құрамы құралады.

 Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы (ӘҚБтК 828-бабы).

Иә, ӘҚБтК-нің 280-1-бабының бесінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке татртуға құқылы, айыппұл 50 АЕК құрайды.

 

жоқ, әкімшілік айыппұл салынбайды. Алайда, салықты уақытылы төлемегеніңіз үшін әрбір кешіктірілген күніне өсімпұл есептелінеді.

Бұдан басқа, жеке тұлға  1 еселенген АЕК артық мөлшердегі салықтық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.