«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді). Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен көрсетілген есептіліктердің нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген (2016 жылғы 25 қарашадан және 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді). 2016 жылғы 1 наурызда жасалған келісім-шарт бойынша қарастырылған жағдайда 018.00 нысандағы есептілікті 2016 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету, 2016 жылғы 29 желтоқсанға дейінгі алынған ақшалар және оларды жұмсағандығы бойынша мәліметтерді 018.01 н. және 018.02 н. қосымшаларында толтыру қажет.
- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы