Дата публикации: 10.03.2015 15:50
Дата изменения: 19.03.2015 19:30

«2015 жылдың 1  қаңтарынан бастап

қолданысқа енгізілген

Қазақстан Республикасының

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»

Кодексі – жаңа заман талабы».

 

Заман адамзаттан уақыт өте келе жаңа бастамаларды талап етеді. Осылайша адамзат жылдан жылға жаңа белестерді бағындырып, жаңа идеялар мен жаңаша көзқарастарды енгізуде. Дамудың барлық салаларымен қатар, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілер де заман ағымына қарай жаңаша ережелерді қажет етеді.

Ал, қажеттілікке сай жаңа ережелерді дер кезінде енгізу, ол мемлекеттің дамуға, өзінің бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеуге деген белсенділігін көрсетеді.

            2014 жылдың 5-ші шілдесінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әкімшілік-деликаттік заңнаманы жаңарту мен жаңғыртуға, азаматтардың қорғалуын және мемлекет мүддесінің құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалуын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойды.

            Бұл кодекс әкімшілік заңнаманы елеулі түрде реформалауға бағытталған. Бұл ретте әкімшілік заңнаманы ізгілендіру, соттарға жүктемені азайту шаралары қамтылып, осыған байланысты соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген органдардың құзыреті қайта қаралған. Кодекске сәйкес, әкімшілік айыппұлдардың абсолюттік белгілі бір мөлшері көзделген. Бұл әкімшілік жаза шығару кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік бермек.

 

Кодекс 53 тарау, 920 баптан тұрады, 760 бап қайта қаралды, 62 жаңа бап қолданысқа енгізілді, 128 бап алынып тасталды. Оның ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қарауына салық салу саласында 32 бап, кеден саласында 36 бап, экономикалық қылмыстар саласында 25 бап жатады.

 

 Онда қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің уақыт сынынан өткен негізгі ережелері мен Жалпы, Ерекше және Рәсімдік бөлімдер деп бөлінген құрылымы сақталған.

 

Жаңа кодекстің Жалпы бөліміне төмендегі негізгі өзгерістер енгізілді.

 

  1. Жауаптылыққа тартылатын тұлғалар нысаны қайта

 қаралды.

Бұрынғы кодекстің 28 бабының 2 тармағы талабына сәйкес бір жасалған құқық бұзушылыққа лауазымды тұлға да, заңды тұлға да жауапты болып табылатын. Ендігі жерде, жаңа кодекстің 25 бабы талабына сәйкес құқық бұзушы субъектісін анықтау барысында жол берілетін сыбайлас жемқорлыққа бейім факторларға жол берімеу мақсатында, әр тұлға өзімен жол берілген құқық бұзушық бойынша жауапты болып табылады.

 

2. Жаңа кодекстен бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергендігіне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату (67 бап), құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылықтан босату (68 бап)  және жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату (71 бап)  сияқты жауаптылықтан босату тәртіптері алынып тасталды.

Олардың орнына ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк  жауаптылықтан босату, әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан     рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату және әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына  байланысты босату тәртібі енгізілді.

 

Ерекше бөліміне төмендегі негізгі өзгерістер енгізілді.

 

1. әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімі жаңартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұл төлеу жүргізген жағдайларда қысқартылған іс жүргізу енгізіледі. Яғни, адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіседі, өз кінәсін мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын және ешқандай наразылығы жоқ. Бұл ретте қысқартылған тәртіп үшін адамға хаттаманы тапсырған кезден бастап жеті күндік мерзімде айыппұлдың жалпы сомасынан 50 пайызын төлеуге мүмкіндік беру түрінде үйлестіруші тетік көзделген. Адам жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіспеген жағдайда, іс жалпы тәртіппен қаралады.

            Осы арада бұл аталған заң нормасы салық қызметінің органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда қолданылмайтынын атап өту қажет.

 

2. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жіктелген жауапкершілік белгіленді. Себебі, орта кәсіпкерлік субъектілерінің активтері шағын субъектілерден 5 есе артық, ал ескі кодексте айыппұл сомалары екі субъектігеде бірдей болып белгіленген.

 

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың құзыреті қайта қаралған. Атап айтқанда, санкцияларында айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына беру жолымен соттардың жұмысы жеңілдетілді.

Соттардың құзырында негізгі әкімшілік жазаға қосымша жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түріндегі жазалар қолдану берілді.

 

  1. Қылмыстық процессуалдық кодексіне  ұқсас ғылыми -

техникалық құралдарды қолдану нормалары енгізілді.

            Ендігі жерде көпшілік орындардағы бейнекамералар арқылы алынған мәліметтер іс бойынша дәлелді мәліметтер қатарына жатқызылады және олар әкімшілік хаттамалар және қаулыларда көрсетіледі.

 

  1. Сот құзырынан  мемлекеттік органға әкімшілік хаттамалар -

ды қайта рәсімдеу үшін кері қайтару құзыры алынып тасталды. Бұл норма әкімшілік істерді негізсіз кері қайтару және осындай жолмен істі қарау мерзімін өткізу жағдайларының алдын алу мақсатында енгізілді.

 

  1. Кодекске 44-ші тарау кіргізу арқылы әкімшілік істі жүргізуші

мемлекеттік органның шешімдеріне, іс-әрекетіне шағым келтіру нормалары жүйелендірілді. Яғни, ендігі жерде әкімшілік істі жүргізген, қараған лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағым келтіруге болады.

            Қылмыстық процессуалдық және Азаматтық іс – жүргізу

кодекстеріне ұқсас заңды кушіне енген қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау институты енгізілді. Ендігі жерде мән-жай анықталған мерзімнен бастап 3 ай уақыт ішінде әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұлға немесе оның заңды өкілі, прокурор қаулыны қайта қарау туралы арыз бере алады.

 

  1. Облыстық соттарда кушіне енген сот актілерін  қайтадан

қарайтын жаңа кассациялық сот өндірісі ашылады.

 

  1. Бұрынғы Кодексте тұлғаның кез келген әкімшілік істі сотқа

қарауға жолдау құқығы нақты көрсетілмеген болса, жаңа кодексте 638 бап арқылы тұлғаның істі қарауға дейін берілген жазбаша арызы негізінде сот барлық әкімшілік істерді қарайтыны белгіленген.

Сондай-ақ, заң бұзушылықтарға ықпал ететiн жағдайларды жою мақсатында судья мен лауазымды тұлғаның жекеше қаулы не ұсыным шығару құқығын көздейтiн толықтырулар да енгiзіліп отыр.

Сонымен қатар, Елбасымыз 28.11.2014ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 257-V Заңымен  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын 32-3 бабымен толықтырды.

Ол бапта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, зейнетақымен қамсыздандыру және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген айыппұл  сомалары салық берешегі болып танылмайтыны, бюджетке енгізілмейтіні және  уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жататыны көрсетілген.

Тек бұл заң талабы:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;

2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;

3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

жер қойнауын пайдалану;

ойын бизнесі;

акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық

төлеушілерге қолданылмайды.