Жарияланған күні: 15.05.2019 15:55
Өзгертілген күні: 20.05.2019 18:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

 

Кеше, 2019 жылдың 14 мамырында, ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев жаңадан тағайындалған Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлын ұжымға таныстырды.

Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы, 1968 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары: Алматы халық шаруашылығы институтын, Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетін бітірген.

Қаржы саласында еңбек жолын 1993 жылы бастады. Алматы қаласы, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қаржы бақылау басқармаларында, сосын Алматы қаласы Түрксіб, Бостандық аудандары бойынша комитетінде жұмыс атқарды. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша салық департаменттерінің басшысы, 2017 жылдан 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары, 2018 жылдан 2019 жылға дейін Түркістан облысы Әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 436-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)